Тәтті арманға берілген адамның көңіл-күйі. ~ Ал мөлдіреген қарындастың қан майданда жоғалған ағасынан ғұмыр бойы үміт үзбей, қиял қанатында ғұмыр кешкенін естігендеріңіз бар ма?! Б.Райыс. * … қыз күліп аққан бұлаққа аяғын салып, тәтті арман, биік қиял қанатында отырған; ол енді ыңылдап айтқан әуенді доғарып, өзгеше әдемі мұңға бөленген… О.Бөк. ~ Арман ағысында ол көкке көтеріліп, теңіз түбіне түсе алар. Ақтық демі таусылғанша ой ойлап, қиял қанатында ұшатындығымен де адам биік, адам ұлы. Ш.Айт.
