Қасақана айтылған қиғаш пікір, кекесін сөз. ~ – Поштаның таланғанын ойлаймысың? Есіңе алшы! Пошта жүргізілетін күні Базаралы келіп, барды біліп кеткені кәне! Сол жолы өз еліне бара сала, Әділханды аттандырған да сол. Көзбе-көз айтып кеткен қияс сөзі әлі есімнен кеткен жоқ! Осы бәленің тап ортасында жүрген Базаралының дәл өзі. Оның сырты момын, іші қу! – деген. М.Әу. ~ — Бүгін ұйқым шала. Түнде мектепте болдық қой. — Я, мектеп жазықты болғаны, — деп Берді де бір қияс сөзге салғысы келді. М.Әу.
