Момын, жуас. ~ Арақ ішпейтін, шылым шекпейтін, қозыдай қоңыр, қойдай момынның нақ өзі екен. Мұғал бұған бала іздейтінін жасырмаған. Алла берсе, тастамаспыз дегенді Жайна да іркілмей айтты. Ө.Кәр. ~ Оны айтасыз, сол қазақтың дені бүгінде қойдай қоңыр, қозыдай момақан. Қой жарықтығыңыз қомақты, қоңды құйрығын аш қасқыр тартып әкетсе де, мыңқ етпестен басын жерге салып, артын қанға малып, қашан бір жерге барып омақаса құлағанша жүре береді… И.Сап.
