Posted in

ҚОЙ ТОРЫ

Шаруаға мінілетін шабан ат. ~ Айтқышын «айтағына» ергізе алса, Асауын қой торыға жеңгізе алса. Көргіштің, көріпкелдің көзін байлап, Көнбістің ықпалына көнгізе алса. К.Мырз. ~ Өзгерген тек өзімнің көзім, бәлки, Самолетті, сауытты ғасыр өзге. Қой торымен мен бірақ жүрмін әлі, Кей жағдайда жаяумен бірмін әлі. Ж.Молд. ~ Атасы Қыдырханның үйінде жалғыз ат бар еді. Ол да жырғаған көлік емес. Жазда аяғын қорыққа тығып алып, сырғасы тайған коммунаның қой торысы. Ж.Шәк. ~ Өмірбақи қой бағып, қой торыдан қоғанаяқ болғандардың да тай тұрмақ таяқ бұйырмай жетім қыстаудан ел шетіне жете алмағандары қаншама. Қ.Ысқ. ~ Қап, әттеген – ай, мына қартаң түскірлер бізді ұстап беретін болды – ау. Шетінен қойға жетпес қой торы екен, – деді Бекболат кейіп. Ж.Сәм.