Бөтен, жат, жек көрінішті. ~ Қойға кірген қотыр ешкідей діні бөтен, ділі басқа телімел жұртқа кіріптар болып төменшіктеп қалған именшек бас құлдық психологияға отығып алғандай, ашық сөйлесуге, ашынып сөйлеуге жоқ… Қ.Ысқ. ~ Тұрғылықты жердің адамы болғасын Хамила келін туыс-туғандарына арқаланып, өктемдік мінез көрсетіп, ырың-жырың әңгіме шығаруы, егер ол жамандап барса оның аға-бауыры Ханжігітті қойға кірген қотыр ешкідей жалғыздап мүйіздеуі, өйтпегенде… бәлки, әлдеқалай келіннің бір суық жүрісі болып… қой! . Ғ.Біл. ~ ~ Шөке батырдың үйінде бір–екі күн тосырқап жүргендей болғанымен ұзамай бұл отбасының бір мүшесі болып сіңді де ауыл балаларымен бірге асыр салып ойнады да кетті. Әйтседе қойға кірген қотыр ешкідей ауыл балалары да өзін қақпайлайтын болды. Б.Жұм.
