Posted in

ҚОЙДАЙ БАУЫЗДАДЫ

Қырып-жойды. ~ Көтеріліс басылғаннан кейін, «еркек кіндікті адам қалмасын!» деген «ұранмен», атаман Шайтанов көтеріліске қатынасқан ауыл, қалалардың еңкейген кәрі, еңбектеген жасынан еркек атаулыны қойдай бауыздап қырған. С.Мұқ. ~ Кей жерде қарсылық еткен ауылдар болса, жоңғар жағы еркектерін қойдай бауыздап, қатын-қызын байлап-матап күңдікке айдады. І.Ес.