Posted in

ҚОЙДАН ҚОҢЫР, ЖЫЛҚЫДАН ТОРЫ

Қой аузынан шөп алмайтын, жуас. ~ Қойдан қоңыр, жылқыдан торы Бәкең, Адалдыққа бар елдің зоры Бәкең. Ұры-қары көбейіп, к… шөмейтіп, Неге болды бар елдің қоры Бәкең? Абай. ~ Илекке көнетін, итпеге жүретін, қойдан қоңыр, жылқыдан торы халықтың тосын мінез, дөкір қимылынан секем алып, сезік ойлаған патшалық үкімет тараулары ел ішіне таралып кеткен некен-саяқ құрал-жабдықты, оқ-дәрі, мылтық атаулыны жинап алу туралы қосымша жарлық түсірген. Ғ.Біл.