Берекелі, дәулет біткен д.м. ~ Қойшы дейсің… Қойшылық та жерде қалып жатқан кәсіп емес. Қойны құтты болса, қайтуші еді» деп әңгімені ала қалжыңға айналдырды. Т.Нұр. ~ Туған ел деп бәрінің аңырап келе жатқаны – осы бір жүз түтіні бар шағын колхоз. Кір жуып, кіндік кескен елім едің-ау, Қойны құт, суы кәусар жерім едің, Туған ел, енді есен бол! К.Қаз.
ҚОЙЫНЫ ҚҰТ
Жер-суы берекелі, байлыққа кенелген. ~ Ешкiм сенiң мұңыңды тыңдамайды, таппасаң бiр құдайдан таянышты. Елiмнiң емес пе едi қойыны құт, Құт бiрақ құтаймады қойы құрып. тұралап жатыр қазақ шаруасы, Құяңдай белден қалған
шойырылып. Ш.Айд. (“Айтыс”) ~ Кемері – кен, қойыны – құт, Желі – жұпар, шөбі – сүт Ырыс, дәулет, нұр тұнған, Катонның дархан даласы. С.Ибр. (БАҚ)
