Posted in

ҚОЛ АСТЫ

Тәуелді, біреуге қарасты. ~ Көптен бері Қырым халқының бір жауы бар екен. Он сан Оймауыт, тоғыз сан Торғауыт дейтін екі хан қол асты еді. “Ер Тарғын”. ~ Мұны ауыл аймағы ғана емес, болыс қол асты, болмаса уезд қарамағындағы халық тегіске жақын білсе керек. Х.Есенж.

  1. Қол жетімді, оңай табылатын. * Шақырту орнына қол асты саймандарымен және ранец өрт сөндіргіштермен «Астана Орманы» АҚ қызметкерлерімен өрт сөндіруге кірісіті. БАҚ.