Posted in

ҚОЛ ЖАЙДЫ

Қолын көтеріп, бата тіледі. ~ Екі туып бір қалғанындай құбылаға қарап қол жайып жалбарынатын. О.Бөк. ~ Көрсетіп Нұрғазарды атасына, Кезінде дәрмен болмақ қапасына. – Жолдарың болсын, – дейді, – қарақтарым, – Қол жайды балалары батасына. “Нұрғаз.”

Қайыр сұрады; бірдеңе дәметті. * Жанары мөлтілдеп, қолын жайып қайыр сұраған қара бала көпке дейін көз алдынан кетпей жүрді. Т.Сәу. ~ Мен назар салғаным сол еді, қолын жайып, ақша сұрады. Ж.Аяз.

  1. Бір нәрсені емініп сұрады, тіледі, қайыр дәметті. ~ Не жақындық, не ағайыншылық мезіреті жасаса тағынан ұша ма, аузы қисая ма? Неменеге келдім? Қол жайып, көз сүзіп келді деп, бәлденеді -ау. Әрине бәлденеді. С.См. ~ Біреуден жәрдем күтсе, «қол жайды, тіленші нағыз» дейтіні бар. Сәл босаңсыса, «қолынан боқ та келмейді» де іске алғысыз қылады. Ө.Кәр. ~ Жоқ! Құдайдан сұрағаным құрығымнан шығып кеткен соң, көрінгенге қол жайып не табам дедім. Қазыққа қарайлаған қарадай, бір орында шыр айналып жалғыз басым жүріп жатырмын, – деп Айымша ықылық ата күрсінді. С.См. ~ «Алпысыншы жылдары Қытайдан азып-тозып бұра тартарға бұт артарымыз жоқ, жаяу жалпылы шекарадан қашып келсек те ешкімге қол жайып көрмедік, қазіргілер келіп алып маған квота бер, үй бер, жер бер деп жылауға дайын» деп оралмандарды даттап олардың еліне жеткендегі алатын азын-аулақ несібесінен қаққандай жағымпаздық жасағанын телевизордан тамашалағанымыз есімізде. Ж.Шәк.
  2. . Шақырды, құшағын ашты, қонақжайлық танытты. * – Өлең өз топырағында өнуі керек. Қасірет пен қайыршылықты іздеп Африканы шарқұрудың қажеті не? Қолын жайып қарсы алдыңда тұрған жоқ па соның бәрі? Өзің мұнда неғып тұрсың? Не көріп, не түйсінесің – поэзия деген сол. Т.Сәу. ~ Орнынан тұрған Матаби миық тартып, қолын жайды. — Қош келдің, Сара бикеш! Қалай саған бұл көрініс? Н.Ауд.