Әлдебір істің орындалуын қамтамасыз етті. ~ Бірден басқа кафедраға ауыстырылып, жарты жүктемеге әрең қол жеткіздім. Кімнің бүтін болғысы келмейді. Кім жарты күн кешкісі келер дейсіз. З.Жант.~ Ал сондай езгі астындағы бодан халықты көбінде екі түрлі тағдыр күтіп тұрады. Оның бірі – сол халықтың түрлі жолдар мен мүмкіндіктерді пайдаланып, азаттыққа, тәуелсіздікке қол жеткізуі… Д.Мәсім. ~ Осы бір үлкен қалаға тұяқ іліктірген соң әр істің басын бір шалып жүріп, белді бір мекеме бастығын таситын шопырлыққа әрең қол жеткізіп еді. Н.Сам. ~ Әсіресе әлем әдебиетінің озық үлгілеріне бізден бұрын қол жеткізіп отырған ондағы жас буынның болашағына деген үмітіміздің үкісі желбіреп тұрғанын да ашық айтуымыз керек. Ж.Шәк.
