Арман болып, тәнті қылған; аса бағалы, қолға түспес. ~ Жұрт əлдеқандай қол жетпес қып көтеріп жүргені болмаса Байман бала мінезді аңқаулау, ақ көңіл, салдыраған жігіт екен. Ж.Айм. ~ Дарақы күлкі, думанды тірлік шарап буы шалқытқан күндерді дүниенің қол жетпес қызығына балап, оп– оңай адасқанымды, алданғанымды кеш білгеніме кім кінәлі? С.См. ~ Мен сыршылы толғаныстың, Әркімге қарар бажайлап! Қол жетпеске пенде ғашық, Батыр – маған кейіпкер. Жарар менше салса машық, Ерген сізге серіктер! Т.Әл. * Әркім өзінің қол жетпесін арман ететін тәрізді. І.Ес. ~ Осы жердей талай өтсем де, сені көрмеп едім. Енді, міне, алдымнан қол жетпестей биік боп шыға келдің. М.Сүн.
