Біреудің тәніне қол салып, сипалалады, әр жерін бір ұстады. ~ -Қыз болып, қашан сенің құшағыңа ынтызар болып едім. Өзің емес пе едің қоярда қоймай… болмаған. Іргеден келіп, қол жүгіртіп… маза бермеген. С.Шәй. ~ Сілімтір көлеңке төмен түсер баспалдақтың ұзына бойына иретіліп жатып алыпты, салқын алақаны балтырын сипады, жағасына қол жүгіртті, қауқары жетсе, қытықтап, ойнағысы бар, ой, оңбағандар-ай, көлеңке болмай керге кірсе етті! М.Қаб. ~ Сығырайған білтелі шамның жарығы өлімсірей жеткен ала-көлеңке бұрыштағы еркек жанындағы келіншекке қол жүгіртеді. К.Жүн. ~ Сезімі алып ұшқан бозбала шақ әлдеқашан артта қалған, онда да кейбір тұстастары тәрізді жесір қатындарды адақтап немесе жеңгелеріне қол жүгіртіп желіккен емес, көрсеқызар ұшқарылықтан туа бітті ада… Н.Қам. ~ Кездесе қалған жерде тіпті кісілердің көзінше әр жеріме қол жүгіртіп, маңына жоламай жылыстап кетіп бара жатсам, жолымды кес-кестейтінді шығарды. Қолын сан рет қағып жіберіп, жұрттың көзінше ит терісін басына қанша қаптасам да, сүмеңдеп соңымнан қалар болмады. С.Баяз.
- Қолымен әлде бірдеңені іздеді, сипалады. ~ – Әпкел, базарлығыңды әкел!.. Тәттің кәні?.. Берсеңші шапшаң? – деп Абайды шешелерімен де, Ғабитхан, Тәкежандармен де амандастырмай асықтырып жатыр. Қойнын тінтіп, қалталарына қол жүгіртіп, қайта-қайта: – Әпкел!.. Бол енді! – деп дегбірсізденіп қояды. М.Әу. ~ Мұстапа алдымен аттың аузын ашып, тісіне қарады, одан кейін шықшытына, қолтығына қол жүгіртті. Алдыңғы аяқтың сіңірін ұстап, құйрығын көтеріп байқады. Ғ.Мұст. ~ Үстіне лыпасын іле сап далаға жүгіріп кеткен шабандоз бала іле қайта оралды. Жатқан төсегін аударыстырып, жастық астыңа қол жүгіртіп әуре бола қалған. К.Жүн. ~ Дәлізде ешкім жоқ. Столға келіп, астына қол жүгіртіп едім, қолыма қағаз ілікті. Т.Әбд.
