Posted in

ҚОЛ КӨРДІ

~ Жөн санады, мақұл көрді. * Ана орта жолға жеткен соң, басындағы бүркенгенін алып, қалаға ұзақ қарап тұрғанын қол көрді. М.Жұмаб. ~ Күн батып, қас қарайғанша Зейнептің қозғалғаны көрінбеген соң далада тұра беруді қол көрмей Айдарбек үйге кірді. Қыраулы терезе кештің қараңғылығына қосаметкей болып, үйдің ішінде еш нәрсе көрінбестік еді. Б.Майл. ~ Сонымен олар Сейдін ауданының ең ірі шаруашылығының бірі, жол үстіндегі «Бозтөбе» совхозына соға кетуді қол көрді. Т.Әл. ~ «Ендеше қалаға кетелік, аға. Заводқа орналасарсыз»,— дегені бар Науанның жұбатып, ағасы оны қол көрмеді. М.Сүн.

Карта ойынына ден қойды. ~ Өйтетіні екеуінің де қабырғалас көршілері жұртқа белгілі үлкен кісі еді. Кешелі-берлі үш-төрт жолаушы сол кісімен «қол көріп, уақыт өткізіп» келе жатқан-ды. Ә.Кек.~ Сонымен олар Сейдін ауданының ең ірі шаруашылығының бірі, жол үстіндегі «Бозтөбе» совхозына соға кетуді қол көрді. Т.Әл. ~ «Ендеше қалаға кетелік, аға. Заводқа орналасарсыз»,— дегені бар Науанның жұбатып, ағасы оны қол көрмеді. М.Сүн.

  1. Карта ойынына ден қойды. ~ Өйтетіні екеуінің де қабырғалас көршілері жұртқа белгілі үлкен кісі еді. Кешелі-берлі үш-төрт жолаушы сол кісімен «қол көріп, уақыт өткізіп» келе жатқан-ды. Ә.Кек.