Posted in

ҚОЛ ҚУСЫРЫП (ҚАРАП) ОТЫР

Еш нәрсе істемей текке жүр. * Жастық, байлық, қол қусырып бос жүру Жас өспірім үмітті ерте бұзады. М.Жұм. * …– Мына пленум қызық болды-ау! – дедi Айтуаров көкiрек кернеген қыжылын жасыра алмай дауысы дiрiлдеп. – Осылай қол қусырып отыра беремiз бе? Т.Сәу. ~ Дегенмен бірлі- жарымы табылмай қалмас. Оған дейін қол қусырып қарап отыруға басшылар да маза бермейді». Қ.Жиен. ~ “Ал балық – аузыма сал, балық” деп қол қусырып, қарап отырғанда Құдайдың да аспаннан тастап берері жоқ. Т.Рыс.