Posted in

ҚОЛ ҮЗДІК

Әлдебір көмек көрсеткен адамға берілетін кәде. ~ Сол Қилыбай біреудің ешкісін сойып, қол үздікке бір жілігін, азғантай іш майын әкеліпті. Ол қарайған кісіге не болсын. Ү.Жәл. ~ Соғымға сойылған малдың әр жілігінен бір жапырақ ет жұлып алып береді. Бұл қуырдақ бес қуырдақ деп аталады. Қасапшыларға еңбегі үшін қол үздік ет беріледі. А.Леуб.