Posted in

ҚОЛ ҰШЫН БЕРДІ

Қолғабыс етті, көмек көрсетті. * Әлі жеркепеден құтыла алмай жатырмыз… құрылыс материалдары жетіспейді, сельстрой қол ұшын бермейді… – деп сөз бастап еді. О.Сәрс. ~ мынау жұпыны қақырасында тойын тойлап қызықтаған Фатиха қария да сол тұста қағажу қалғаны анық. Там- тұмдап қол ұшын беруі де сиреді. М.Сүн. ~ Анау шақырды деп анаған, мынау шақырды деп мынаған желкілдейсің де жүресің. Күшің тасып бара жатса, мына ескірген еденді неге түземейсің? – деді оқтаумен нұқып. – Қол ұшын бергені үшін ақы ала ма екен? – дейді қарт күңкілдеп. – Қол ұшы, қол ұшы, не деген қол ұшы таусылмайтын! – Кемпірі бастырмалатып кетті. – Өз шаруаңа қарайтын күнің бар ма? З.Ғ.Им.