Posted in

ҚОЛҒА ІЛІНДІ

а) Қолға тиді. ~ Әйтсе де: «Бұ кәпір әлде қай жерде аунатып кетеді?» — дегендей қауіпсінді. Бет-ауызы да, өзі де, сөзі де жып-жылмағай; қолға ілінерлік, табан тірерлік, түк кедергісі жоқ, жылтыр мұздың үстінде тұрған кісідей болды. Ж.Айм. ~ Ал мынау – мүлде басқа тұрғыдағы дүние. Әдеби зерттеу тарабында қолға ілінген алғашқы монография дер едім. М.Мағ. ~  Сол жолы жоғалған малдың ізі тура соның қыстауына жетіп, сіңіп кеткен болатын. Бірақ олардан күдікке айғақ боларлық дәйек қолға ілікпеді ғой. Ж.Баш.

ә) Ұсталды, қолға түсті. ~ Жасы толмағанына, асқанына қарамай, ақсақ-тоқсағына, ауру, сауына қарамай, қолға ілінген еркекті кристиянский нашалниктер шетінен бытырлатып ала беретін болды. М.Әу. ~ Шұға. Алдау… арбау… қараңғылық… Түсініп келем… Мен осының құрбаны… (Ойланып, мұңайып.) Қайдан келсін ол, қанды қолға іліккен соң… Жаным, Әбішім!.. (Қамығады.) Базарбай, қайдасың? Б.Майл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *