Posted in

ҚОЛҒА ҚАРАДЫ

Ауа райына байланысты жайылымға шығарылмай, қорада ұсталған мал туралы. ~ Иә, сонымен қыс қатты болды. Жерден қайран болмады. Қара мал қолға қарады. Аз ғана пішенді аз күнде-ақ бітіріп алды. Бір уыс шөп бір ділдаға да жоқ. Ж.Айм. ~ – Ендігі жалғыз шара – қорадағы пішенге қарату ма? Мал қолға қараған соң не шыдайды? Ондай пішен қоры мол ауыл бұл өңірде жоққа тон. Биыл әсіресе жоқ. Жаздың өзі, тегі, жұт болатын жылдың жазы боп өткен жоқ па? Жарытып пішен алған ел бар ма?! – деді. М.Әу. ~ Абай бұдан әуелі өзі көрген жолдағы елі Уақтың жайын сұрап еді. Әбдінің айтуынша, жол бойы Балта-Орақ, Мұқыр, Арқалық, Күшікбай, Қанай – бәрінің тұсында қар орасан қалың, мал қолға қарап қапты. М.Әу. ~ Тұрқы есік пен төрдей биені сауырынан сипап «тісіңнің қышуын қандыр, жануарым! Қар жауған соң қолға қарап қаларсың» деді. Т.Әл. ~ — Биыл қыс қатты болатын түрі бар ғой. Мал ерте қолға қарай ма деймін. М.Сүн.

  1. Біреуге күні түсті, кіріптар болды д.м. ~ Бұл дүниедегінің бәрі бір шешеге татымайды екен- ау, оны қолға қараған ұлы, міне, он жетіге жеткенше көріп келеді. Қ.Түм. ~ Шешеден ерте айырылып, әке қолына қараған Сән өзінің қыз екенін он үш жасында бір-ақ білді. Қ.Ысқ.
  2. Бірдеңе дәме етті. ~ Астанадан келген адамнан губернедегілердің көп нәрсе күтіп, әкесі базардан келгендей, қолына қарап тұратын әдеті ғой. Ж.Айм. ~ Шешеден ерте айырылып, әке қолына қараған Сән өзінің қыз екенін он үш жасында бір-ақ білді. ~ Сибяк «күпісін» шешер шақта майдың өзі қоштаса бастап еді. Ал, қозылық, марқалық дәуірді бастан тоқ кешірген Сибяк маңдайы қырқаланып кеткен. Қыртыс қабақ құду денелі бола тұра, баяғы қолға қарауын тастар емес. Бірақ аталық қасиеттері күн санап көзге түсе берді. Х.Есен.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *