Бақытыңды бағалай біл, уысыңнан шығарып алма д.м. ~ Сендер бақытты ұрпақсыңдар. Сол себепті осы бақытты қолдан шығарып алмай, келешекке жеткізу – сендердің үлкен парыздарың. Ж.Баб. ~ «Сенің де диктор болуға барлық имиджің келіп тұр, тек осы мүмкіндікті қолдан шығарып алма». Қ.Жиен.~ Тоғайдай жігітке әлі- ақ талай- талай сылаңдаған сұлулар зар болар, соңынан жүгірер, қолдан шығып кетпей тұрғанда қармап қал, қарағым! Ә.Тар.
- Айрылма, қорғап қал, жауға берме д.м. ~ — Жаяулықтан өлмеспіз, күрең атқа айырбастап соғым тауып алып сой, —дейді қатын. Тірі болып күрең атты қолдан шығарамын ба? Тап соның ертеңіне, өзім кейіп отыр едім, Сейіт келіп: — Көк сиырды контрақа,—деді. — Көк сиырда қандай әкеңнің құны бар? — дедім. Б.Майл. ~ Бір солдатың қалғанша, көпірді қолдан шығармауымыз керек. Бұйрық біреу-ақ: әркім тұрған орнынан жылжымайтын болсын! Ғ.Мүс.
