Мазалай берді, тағатын тауысып, бір орында отырғызбады. * Тарбағатайға ерте көшкен малшылармен бірге жүрген Ханжігіттен тағы айрылып, адасып қалармын деген қауіп оны қолды-аяққа тұрғызбады. Ғ.Біл. * Әкесінің жаңағы қомпаңына аз күлгеннен кейін Айша өз сөзін тағы бастап: — “Баршы, бар деп” қолды-аяққа тұрғызбады Қатпа. Не қып сонша жеделдеткенін білмеймін? Түнде қайтарында қараңғы болады ғой, қорықпас үшін мынаны салып ал деп, мына бір алты атарды берді, — деп Айша қойнынан мылтық суырып алды. М.Әу. * Бәріне кінәлі апасы. Көкбайдың қалаға баратынын ести салысымен, Бөкенді соның машинасына отырғызып жіберем деп қолды-аяққа тұрғызды ма… С.Мұр.
