Posted in

ҚОЛТЫҒЫНАН ДЕМЕДІ

Сүйемелдеді, жәрдем берді. ~ Трамвай жақындап қалған екен. Екі жағынан екі әскер қолтығынан демеп мінгізді. Т.Ахт. ~ Медицина! – деді, өзін қолтығынан демеп тұрған медбике Жәмилаға салқын қарап. – Менің төсегім қайда? – Сіздің төсегіңіз әне, – деп Жәмила оны қолтығынан демей түсті. Ғ.Қаб. Нұрбике мұнымен де тынбайды. Уәкіл қайнағасының қамшысын өзі әперіп, сыртқа ере шығып, қазақы салтпен сый қонақты қолтығынан демеп аттандырып салады. Ө.Кәр.

  1. Қамқорлық жасады, қолдаушы болды. ~”Жаңылмас жақ, сүрінбес тұяқ жоқ” дейді. Жаңылған мен сүрінгеннің қолтығынан демеп, азамат қатарына қосып жібермесек, біздің азаматтығымыз, қала берді, тіпті елдік дәстүріміз қайда? О.Сәр. ~ Керек десеңіз, бәлкім, сол сөзсіз бір кезігер, тіпті күндердің күнінде оған міңгесіп те кетермін, деген үмітпен қутыңдаған қуаныш қолтығынан демеп, қол-аяғын жеңілдетіп, қойын-қонышын ыстық леппен аялап та қоятын. Н.Дәу. ~ Оған әр кез қолдау білдіріп, қолтығынан демегендер Юлия босанған соң қатты күйзеліске ұшырағанын айтады. БАҚ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *