Шапшаң қимылдады, қолдары лыпыл қақты. * Ұлжан бәйбіше ашу кернеген пішінмен қолы қолына жұқпай жүнді шүйкелеп жатыр. Б.Майл. ~ Сыңары iшiнен «иә, сәт» деп, қандасының ғана тiлеуiн тiлеп, үстіне төне түседi. Iлияс барын салып, бұл тiршiлiктi ұмытқан. Қолы-қолына жұқпайды. Ә.Ыб. ~ Кесте төгіп, іс тігуге, шұлық-биялай тоқуға әбден машықтанып алған үшеуі қолы-қолына жұқпай бірінен-бірі әдемі гүлтәждерді тез-ақ тоқып тастады. Н.Қам.
