Шама-шарқы, мүмкіндігі артты, көмекші-қолдаушыға жарыды. ~ Енді міне, ұлық қолы ұзарып келеді. Тұтас Тобықты да жоқ. Үш бөлінетін бопты. Мұның бір бөлігіне ұлық болу оншалық мұрат емес. М.Әу. ~ Алысырақ жүрсе, ұлықтың әмірі елге молырақ жүреді. Қолы ұзара береді,- деді Жарылқасын. Т.Рыс. ~ Ауылға қаптап техника келген соң, шаруаның ақсақ аяғы теңелді, шолақ қолы
ұзарды, етегі жер сызды, бөркі қара қазандай болды. Б.Қыд. ~ «Сабаса өзіңді сабасын. Шалыңның қолы ұзарайын деген екен. Қорғансыз емеспіз. Сақ болсын. Жапырақтарыма тигізбеймін»,— деп әжем де ұрсып кетті дейді. М.Сүн. ~ Екі қызың өсіп, қолғанат болып, өзіңе өзің қарап, қолың ұзарған кез… Ж.Әбд-а.
