Карта ойынында жолы болғыш адам туралы. ~ Апырай, сонда бұл жазған неден қателесті? Қателесуге тиіс емес еді ғой. Бұл өзін өмір бойы қолы шыққыш ойыншыдай көретін еді-ау. Ә.Нұрп. ~ Тасы өрге домалап тұрған сол тұста, несін айтасың, бұл құдды қолы шыққыш ойыншыдай еді ғой. Қолы шыққыш ойыншының карта тартса тұз шығатыны сияқты бұ да тек ұтсам деді. Есіл-дерті ұту еді. Ә.Нұрп.
