Posted in

ҚОЛЫМЕН (ҚОЛМЕН) ІСТЕГЕНДІ МОЙНЫМЕН КӨТЕРДІ

Өз күнәсін өзі тартты; жасаған қылмысы үшін жауап берді. ~ Әйтпесе әркім қолымен істегенді мойнымен көтерсе‚ тергеу де тезімен жүріп‚ үкім өзінен- өзі шықпай ма. Қ.Түм. ~ Әр нәрсенің сұрауы бар. Адам қолымен істегенiн мойнымен көтеруге тиіс. У ішсең түбіне дейін. Айт бәрін… Т.Ахт. * Әй, Дүйсеков! Сен бұлталақты қой. – деді. Бүйтіп құтыла алмайсың. Өйткенше, қолмен істегенді мойынмен көтер, еркек емессің бе? О.Сәрс. ~ Екі ортада қараптан қарап шынымен-ақ мен ұрыға айналдым ба?! Қатты өкіндім. Қолмен істегенді мойынмен көтеру керек, мойындағаннан басқа қандай амал бар?.. Б.Ыб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *