Арам ақшамен, парамен уысын толтырды. ~ «Қалыңмал алғаныңды қағазға түсіреміз, уәкіл шақырып айдатамыз» дегенді де айтты. Алайда әкем бұған сескене қоймады. Өйткені «жығылып жатып сүрінгенге күледі» дегендей, олардың өздері де қолдарымен қоқыс шеңгелдегендер еді. Көрінгеннен пара алып, көрінгенге көз салып, алдынан өткенге алақан жайып, әбден алакөзденіп алғандар болатын. Б.Мом.
