Posted in

ҚОЛЫНАН КЕЛДІ (КЕЛЕДІ)

Әлдебір істі істеген сол, басқа ешкім емес д.м. ~ Қалада большевик әбден орнығып әкім жүргізгенше болған талан-тараждар, кісі өлімдері — бәрі осылардың қолынан келді. С.Сей. ~ Бұл хабарды да естіп Жұмат іштей қиналған, өзі тәрбиелеп, қамқорлық көрсеткен інісінің өрлігіне бас иген, шет елге өтіп кету оның қолынан келеді деп іштей масаттанған да. К.Өтж. ~ Бақанас маңайындағы жаңа ұйымдасқан ботаника бағын осынау қаршығадай қара торы қыз басқарса ғой! Несі бар, Сапаштың қолынан келеді! Б.Тоғ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *