Posted in

ҚОЛЫҢНАН ЕКІ КЕЛСЕ, БІРІН ҚЫЛ

Не қылсаң да мейлі, білгеніңді істе д.м. ~ – Қамаймын! Көзіңді түрмеде көгертем! Абақтыда шірітем! Әйтпесем сол! – Қолыңнан екі келсе, бірін қыл. Мен ешқандай ұры көргем жоқ, аттарды шатқалдан тауып алдым, – деді де, Маратбек милицияның шеңгеліндегі тізгінін жұлқи босатып, биені тебініп жүріп кетті. С.Смат. ~ Әттең, әттең, опасыз қу дүние- ай, сенің осындай жұлынқұрт екеніңді ертерек білсем, кеңірдегіңді тісіммен қияр едім. Лағнет жаусын саған! Ал енді қолыңнан екі келсе, бірін қылып, білгеніңді істей бер! – деп, теріс қарап, дөңкиіп жатып алды. К.Сег.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *