Posted in

ҚОҢ ТОРҒАЙ

Тым жүдеу, күйсіз деген мағынада. ~ Осы ақылды Мұстапаның өзі биыл көп болса бір аяқ тары, бір бұт бидай септі. Онысы әлденеше күн малалаусыз жатқан, торғайлар қаншасын қалдырғанын кім білсін. Астығы, қымыз, еті жоқ Мұстапа қоң торғай отырғанда, одан төменгілердің күні не күйде?! Ғ.Мұст. ~ Қабдыкәрім Ыдырысов – әкесі саяси жаладан мерт болған, жесір ана қолына қарап қалған қоң торғай ауылдың жетім баласы. Р.Нұрғ. ~ Айналаға қарасаңыз қазақтың айналыспайтын тірлігі қалмаған секілді. Қуанасың. Бірақ бәрі біркелкі, қоңторғай. Үлкен-кіші, ұстаз-шәкірті де бірдей. Жеке, дара кісі көрінбейді. Ж.Аяз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *