Posted in

ҚОҢ ЖИДЫ (ЖИНАДЫ, АЛДЫ)

Семірді, шыр бітті, түзелді. ~ Аттарды енді күндіз күн шуаққа, сырттағы шым ақырлардың қасына алып шығатын болды. Күн шуақта жылқы тәбеті ашылып, тезірек қоң жияды. Ш.Айт. ~ «Он күннен соң», «Күнің тым аз екен, бірер ай жатып, қоң жинасаңшы», – деп, кеседегі сорпаны әуелі өзі татып көреді де, маған ұсынады. ағаш үйдің іші қоңыр салқын, алдында ас; жамбасында төрт қабаттап салған жұмсақ көрпе, басыңда құс жастық… О.Бөк. ~ Бұлақ, бастауы мол, шалғыны қалың жайлауды еркін еміп, мыңғырған малдары қоң жинап қатты семірген мезгіл. Т.Рыс. ~ НЭП заманында адал еңбектің аркасында қоң жинап қалған үшеуді “байсың, қанаушысың” деп, Ібір-Сібірге жер аударыпты. М.Қаб. ~ Мінген аттарың да арық екен. «Жылқымыз қоң алған кезде барайық» деп сылтау айтыңдар! – дейді. Ж.Шәк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *