Қалбалақтап, қозғалақтады, ебедейсіз қимылдады. ~ Жанаса бере найзасын салып өтті, анау қопаң етіп қайыра жалпиды, ендігі қақтығыста қарсыласы әдіс алып мұны сол бүйірге шығарған жоқ, жолын бөгей берді. Д.Дос. ~ Ол тағы күлді. Қалыптан тыс сөз айтқанда, әзілдегенде, өзгенің тапқыр сөзіне риза боп күлгенде орнынан бір қопаң етіп, шашын сипап қоятын әдеті ежелден келе жатқанын Сәргел білетін. Д.Ис. ~ Қалмақ түсіп бара жатқан найзаны келесі қолымен қармады. Кідіруге әсте болмайды. Ырғай сапты тақымының астына сүңгітіп жіберіп көтеріп қалғанда дәу қалмақ қопаң етті. Д.Дос.
