Қорлық көрді, сорлап қалды. ~ Өлең жиған тырбанып, Ән үйренген ырғалып. Сорлы Көкбай қор болды-ау, Осыншадан құр қалып. Абай. * Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет, Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет. А.Байт. ~ Өлдің Мамай, қор болдың, Тірлікте зор болдың, Дұшпанға құрған тор болдың, Қараүлек шешең зар болды. А.Байт. * Бай үй екен. Сол үйдің келіні «Ай десе аузы бар, күн десе көзі бар» бір перизат екен, не керек. Бір жаманға қор болып отырған көрінеді. Ж.Айм. * Тыныш ұйықта, қабіріңде, уайым жеме: “Қор болды қайран сөзім босқа!” – деме. М.Жұм. ~ Қор болдық, өнер қумай, қайран елім! Күш кетіп, талай жаннан көрдік керім. Сұлық боп, жан шыққалы тұр таяулап, Маңдайдан шып-шып шығып өлім терің. М.Жұм.
