Posted in

ҚОРҒАСЫНДАЙ ЕРІДІ (БАЛҚЫДЫ)

Сезімге беріліп кетті, көңілі жібіді. ~ — Достым, мұның қалай?! — деді, оның жүгін көтерісіп, вокзал үйіне қарай қатар келе
жатқан Гүлнар қалжыңдап, — отқа қақтаған қорғасындай ерідің ғой. С.Мұқ. ~ Сол өткір қарастан оның бойы отқа тиген
қорғасындай еріп кеткен сияқтанды, аузына сөз түспей, жаутаңдап қарай берді. С.Мұқ.~ Қалтқысыз жан дүниесімен еміреніп
жатқан Ұланының оттай ыстық ықыласына бөленген Іңкәр тұла бойы қорғасындай балқып жадырағандай болды. С.Ғабб. ~
Түн ортасы таяп қалған. Хикаяны аяқтай алар емеспін. Қорғасындай балқыған ойым өзім әзірлеген қалыпқа сыймай бара
жатты. Р.От. ~ Бөгеттігі былай тұрсын, жанының жалынындай ақтарылған бұл сөздер Татьянаның сана – сезімін
қорғасындай балқытып әкетті… C.Мұқ. ~ Оның алақаны жанына сондай жайлы тидi. Он екi мүшесi қорғасындай балқып, ерiп бара
жатқандай қалыпқа ендi. Ә.Ыб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *