Зілдей; өте ауыр, бас көтертпейді. * Дегенмен бұл кезде үйге қайта кiрiп отырған сырмiнез Бараттың алдында сол қорғасындай ауыр мiнезiнен танбауға тырысқан. К.Сег. * Қамыт аяқтарын екі жаққа талтайтып жіберген қытай сақшылар бастарын тас жол үстіндегі ұйыған қанға батырып жатыр. Қорғасындай ауыр қолмен ұрылған шойын шоқпар оңдырмаған көрінеді. Т.Рыск. * Экстаз бен Шамның мәреден қатар өткенін білетін халі болған жоқ, елдің шуылын да естімеді, жүрегі лобып, денесін ұзақ діріл буып тастады, ұйып жүре берген қолы қорғасындай ауыр, бара-бара тізгіннің өзін тең ұстау мұң болды. А.Смай. * Апам суретке телміре ұзақ қарай тұрып қалды. Жүзінде қорғасындай ауыр ой тұнбасы салқын сағыныш мұңы бар еді; сәл ден соң жылығандай болды; ауыр күрсінді. Біртүрлі қайта түлеп жасарған да тәрізді. М.Сүнд.
