Posted in

ҚОСАҚ АРАСЫНДА (БОС, БОСҚА) КЕТІП (КҮЙІП) ЖҮРМЕ

Бекерден-бекер екі ортада сорлап қалма д.м. ~ Алда-жалда беттеріңнен қайтпасаңдар, айтқаным айтқан, ең арғысы Мәскеуге шейін барып қуынуға да бармын. Елге жаңа келген сыйлы қонақ едің, қосақ арасында қос кетіп жүрме. С.Ом. ~ Арты неге соғарын кім біледі. Екі арада шыбын өлер деп мен қосақ арасында бос кетіп жүрмейін. С.Мұқ. ~ Әлi жаңа қожайынның шашбауын көтерiп қолдары босамай жатыр ма, болмаса бұған Москваның қабағы онша емес екенiн байқаған соң, “құрысын, қосақ арасында кетiп жүрермiз” деп сақтанғандары ма? Т.Сәу. ~ Айтар уәжіміз, қазақтар Хиуа әскерлерінің аяғын Қызылдан бері қарай аттатпайды. Екі арада шыбын өледі… қарақалпақ ағайын қосақ арасында босқа күйіп жүрмесін! З.Шүк. ~ Ол – өткен жылы қоқандықтар салған өрт. Сол өртті дер кезінде өшірмесе, Ұлы жүз рулары қырғынға ұшырап, қосақ арасында бос кетуі мүмкін. Қ. Жұм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *