Posted in

ҚОСЫ ҚҰЛАДЫ (ЖЫҒЫЛДЫ)

Бағы тайды. ~ Туған тілдің тұрса қосы құламай, Шулайды әлі, қалмас ешкім жыламай. Солып қалған шүңірек көзі соқырдың, Мөлтілдейді жаңа шыққан тұмадай. Н.Айт. ~ Жалғыз біз емес, ол доңыз жұты бүкіл қазақ даласын ақ сүйек еткен атақты жұт. Қайда барсаң жүген ұстап қалған, көгенін жинап алған, қосы жығылған ауыл. Жұт жеті ағайынды дегендей, жұттан қалған қой-қозы ақсыз, төлін жарытпайды, ашаршылық. С.Бег.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *