Айрылды, жоғалтты. ~ Революцияның жолында енді екпіндірек іске кірісу керек екенін айтып, менімен қош айтысты… С.Сей. ~ Алдымен қой ішінен ай мүйізді ақ қошқар таңдап, құдайыға шалды. Сонан соң ел-жұртын жинап, мол етіп қонақасы беріп, қош айтысты. А.Сей. ~ С а л и х а. Осы бүгін асқазаныммен қош айтысам-ау деймін. Мынадай өлеңге қалай ішпессің… Шынында да тамаша өлең. Т.Ахт. ~ Осы жұптарыңды жазбай жатақханаға барыңдар. Бес минуттан кейiн мен де соңдарыңнан жетемiн, өзiм рейд жасаймын. Бiреуiң болмай қалсаңдар, университетпен қош айтыса берiңдер. Ә.Ыб. ~ — Әрине, Жекей Қалиевич! Аздап қисайдым… Ұйықтап алдыңыз – ау деймін, өзіңіз де? — Ие… аздап көз ілінді… Ұйқы қайда. Ұйқымен қош айтысқалы қашан!.. С.Елу.
