Жақын туысы, туған бауыры. ~ Жер бауырлап жалғызы Қалды жылап тұра алмай. Қарасын үзіп кеткенше Көзден жасын тия алмай. Амандық бер деп жолына Қу бауырды қия алмай. “Қыз Жібек”. ~ Осы жағдайды бiлетiндiктен, көкiрегi сыздай жөнелдi. Ендi қу бауырға бола барлығы үшiн күюлерiне тура келедi. Бұл тұста саудаласу тағы да ретсiз. Туған бауырының тағдыры талқыға түсiп отыр. Ә.Ыб. ~ Ағайынды екеу таң қылаң бере-ақ тұрып алды. Айырылысуы қиын болды. Қу бауырын қия алмай, екеуі еңіреп тұрып қоштасты… Б.Қыд.
