Posted in

ҚУ МАЗАРДАЙ ҚАҢЫРАП ҚАЛДЫ (ҚҰЛАЗЫДЫ)

Иесіз қалды; сәнін, маңызын жоғалтты. ~ Е, балам, кезінде бұл үйдің де оты ерте жанып, кеш сөнген… Іргесінен иттің өзі
именіп өтетін күн болған. Қазір ғана ғой қу мазардай қаңырап қалғаны, — деп кемпір жүре берген. Д.Әш. ~ Міне, қызылды-
жасыл хан орда қу мазардай құлазып тұр. Ел ұстаған билеушінің ордасынан гөрі өтпей отырған жері қыздың қызылды-
жасылды отауына көбірек ұқсайды. Ә.Кек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *