Posted in

ҚУ ТАҒДЫР

Баянсыз, әділетсіз, ауыр жазмыш. ~ Алимашым, кіп -кішкентай немерем, Бұл қу тағдыр қатал еді не деген. Айырамын дейді мені өзіңнен, Айырмауым үшін оған не берем? С.Асан.~ Сатқын да емес, қашқын да емес, қу тағдырдың талқысына түсіп, қиян шеттен шығып қалған кәріп-кәспір екен мына Сардар аға! М.Қаб. ~ Ауылда жақсы екен ғой салған әнім, Қу тағдыр татырды ғой түрме дәмін. Қайдағы пәлеқорлар жала жауып, Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім. Қ.Рысқ. ~ Мешкей емес пе өзі?! Сондай қорға қосақтамақ болған қу тағдыр-ай! Қайтейін сені! Саған налымасам кімге өкпе айтамын?! Н.Қам.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *