Posted in

ҚУ ТАБАН

Қыдырымпаз, ел кезіп, күнін көрген адам туралы. ~ — Қаракесектің қу табандары қит етсе тұра шауып, күйзелтіп еді елді. Енді қайтер екен! — деп Бименде сыздағанда Айдарбек қара буралай жөнелді: Ғ.Мұст. ~ Бұл өзі бұрын да, соң да дәулетті кісі болмағанымен қу құйрық, түлкі мінез, пысық адам болған. Қолы хат-шот білетін, тілді, ауызды қу табан болған сон Есім төре болыс болғанда екі сайлау
старшын болып та түскен. І.Жан.

  1. Қатты табаны бар аяқ киім. ~ Түсінде қалаға барған екен дейді. Қала деген кісінің миы жетпейтін шым-шытырық бірдеңе. Ылғи бір заңғар үйлер, аспанмен тілдескен мұнаралар, қара құрттай қайнаған ығы-жығы кісі. Солардың ішінде Қартқожа да жүр. Бұрынғы Қартқожа емес. Сымдай орысша киім, аяқта қу табан, Әбілда тілмәш тәрізденіп шашын қайырып қойыпты. Ж.Айм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *