Posted in

ҚУ ТАМАҚТЫҢ (ҚАРЫННЫҢ) ҚАМЫ

Қарын тойдырудың амалы. ~ Қарақан басы емес, қатынды көптен, баланы мектептен қалдырып, бүкіл бір әулетті көктемнің көбік қарынан боқыраудың боранына дейін көшпелі түрмеге жіпсіз байлау зорлық болмағанда не? Қу тамақтың қамы ма?.. Қ.Ысқ. ~ Арагідік осынау қозғалыс толқыны арасынан бүрсеңдеп, бүлкектей салып бара жатқан бір-екі итті көріп қалды. Олардыкі де қу тамақтың қамы. Түрлері жүдеу. Алба-жұлба. Шіркін, тірлік… Қайтерсің енді… М.Мұқаш. ~ Қу тамақтың қамы болмаса – құс тұзаққа түспес еді. С.Сараи. ~ Мәңгүрт тe ит сияқты иeсінe ғана пeйіл. Басқа eшкіммeн oл сұхбаттаспас. Бар oйлағаны қу қарынның қамы – қарны тoқ бoлса бoлды. Ш.Айт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *