Бар малынан (барынан) айрылып, тақыр кедейлікке ұрынды. ~ Қазір қалай екен? Сол күйінде кәдемізге жарап жүр ме екен? Әй, қайдам?! Есілдің әрірек жетеленіп жұтылатын қуықтай сілемдеріндегі болар-болмас құс қаңқылы сол өткен дәуреннің дәнегіндей түйірімен жарылқаса жарар еді-ау! Жасыратын несі бар, қу таяқ ұстап қалғандаймыз ғой… Қ.Әлім. ~ Ауылға аты жоқ кесел келді деген Майтөбедегі малшылар бұлай жалғаса берсе қу таяқ ұстап қалар түріміз бар деп қабыл қағуда. Өйткені өріске кеткен тұяқтылар өлексеге, келгені көтерем күйге түсуде дейді. БАҚ. ~ Осыған ұқсас күйлер басқаларда да бар екен. Кешегі жылқышы, қойшы, бақташы сияқтылар қу таяқты құшақтап қалған соң әлдекімдердің азғыруымен Сарыөзекке тартып, шойын жол құрылысындағы беттері қара-қожалақ жұмысшылардың қатарына қосылыпты. Ұ.Досп.
