Арамдығы, алаяқтығы жоқ, ақпейіл жан. ~ Ал колхоз председателі жуантық келген жасамыс қара ─ Тұрғын Әйкенов ─ қулық-сұмдығы жоқ, жоқ жерде бедел ала қояйын демейтін, ісін есепке құрмайтын, әйтеуір, өзімен-өзі болып жүретін кісі. С.Шай. ~ “Байғұс – ай, бала күніңнен мырқымбай едің, қулық-сұмдығы жоқ, сол мырқымбайлығыңнан күйдің – ау”, Қозбағарға азық керек екен, алыс түрікпен құмына асу үшін, сол үшін Хансұлуға ат басын тірепті. С.Ел. ~ Титықтап әбден болдырғанда бас¬пай қалады. Ұрмақ түгіл етінен ет кесіп ал. Өлтір. Екі құлағы салбырап, теңселіп құларман болады. Мал ол адам емес, қулық-сұмдықты білмейді. Болдырғаны – әл-қуатының біткені. Б.Соқ. ~ Есімі Алтынай, өзі қулық-сұмдықты білмейтін аңқау жан ба деп ойлаймын, жымиып күле береді екен. Ә.Тар.
