ҚУЛЫҚҚА ОЛАҚ (ЖОҚ) Ешкімді алдай білмейтін аңғал, ақпейіл адам. ~ Ашуланғанда тіпті сөйлей алмайды. Булығып, күрмеліп, сөзін айта алмай қалады. Қулыққа, арамдыққа олақ. Аузындағысын жолдасына жырып береді. С.Сей. ~ Қанша пысық болса да ақ көңіл, аңғалақ. Арамдықты білмейді. Қулыққа жоқ. Табен ет, маңдай терімен тапқан-таянғанын беріп алған қатыны өлген. С.Сей.
