Posted in

ҚҰДАЙ (ТАС) ТӨБЕДЕН ҰРДЫ

Қырсық шалды, соры қайнады. ~ Нәзипаның ас үйіндегі Сатан шырт ұйқыда еді. Біреудің қолы жұлқып қалғанда, ояна кетті. Жанындағы үйде дабыр-дұбыр, шаң-шұң. Дауыс сасып сыбырлады: — Тұр, жүгірмек! Құдай төбеден ұрды! І.Жан. ~ Құдай тас төбеден қос қолдап тұрып ұрды. Таңертеңмен үйге Қартекем келіп жанымды алды. Түнімен ұйықтамай шыққан ба, қалай түсі әлем тапырақ. Б.Қыд. ~ Абай…Хафиз…Һаям… Ғашықтық дастандарынан төгілтіп жыр оқиын десем, Құдай төбемнен ұрып, бір шумағын жатқа білмейді екенмін. Т.Сәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *