Posted in

ҚҰДАЙ АЛДЫНДА СҰРАУСЫЗ

Ешкімнің таласы, дауы болмайды д.м. ~ Баяғыда бір аталарың баласы болмай, «қу бас» деген сөз естіп, елден қашқанда, соңынан қуып барып, жаңа туып жатқан қызын құдай алдында сұраусыз деп шаранасымен бауырына салып берген біздің атамыз екен. Т.Әбд. ~ Құлды (күңін) жазалау мөлшерін иесі шешеді (құлақ кесті құл) құлдың (күң) құны құдай алдында сұраусыз, иесі өлтірсе де, оған ешкім кінә арта алмайды. “Қазақ құқығы”. ~ Егер малын шүлен берсе қалың елдің алдынан айдатып ер оныншы, не жиырмасыншы малды алдына келгендерге береді. Ол жолаушы осы елдің адамы, өзге елдің адамы болсын айырмасы жоқ. Талап батасын беруі, ризалығын айтуы керек. Шүленге берген малды иесі қайта ала алмайды, құдай алдында (тәңірі алдында) сұраусыз деп береді. “Қазақ құқығы”. ~ – Мә, мә, Құдай алдында сұраусыз, ала ғой, сәулем! – деп құлдық ұрды. С.Омар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *