Құдайдың қарғысына қалған деген мағынада. ~ Жұман (кіріп келіп, алақтап): Қыз қайда? Қыз қайда? 2– нші жігіт: Есі шыққан, құдай атқан, əні! Ұмтыл, құшақтап жат, өлсең де! Ж.Айм. ~ Он беске келгенде Шабанбайдың қойып бақтым. О бір құдайдың атқаны! Ж.Айм. ~ Бой жазып жүріп қайтайық, – деді Рахметқажы. – Шәңгеннің жолы да бір Құдай атқан неме ғой… тау мен қия, мәшине оңдырмай соғып тастапты. Ә.Асқ.
