Posted in

ҚҰДАЙ ОҢДАДЫ

Сәтін берді (кейде кекесінмен кері мағынада қолданылады). ~ Естіген жоқсың ба?- деп Мұқаш басын көтеріп алды. – Жоқ! – Құдай оңдады ғой… – Неғыпты? – Қазақтан салдат алатын болыпты. Ж.Айм. ~ — Құдай оңдады! — деп қуанысты жан ашырлары, — ар жағын алла білер, келіні мен баласының тойын көзінен өткерсе болды. С.Мұқ.~ Амфитеатрдың барлық есігі жабық. Одан да жоғары шықтық. Бұл балконға баратын этаж. Құдай ондап, мұндағы есік ашық тұр екен. Кірдік. Б.Соқп. ~ Енді бүгін Құдай оңдап, бір ұрпақ жат болып өскен өз әулетімен бет көрісу орайына ие болғалы отыр. Ғ.Біл. ~ Нұртай өлген соң-ақ, жұрт, – «Күнтайдың Ақпаннан басқа әмеңгері жоқ. Жол сонікі. Қылшылдаған жас қалпындағы қатын. Оны алса, құдайы оңдады» деп кеу-кеулесіп кетті. С.Мұқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *